Posted in

СУДАЙ АҚТЫ

Ағыл-тегіл төгілді. ~ Жөн сілтер, Жол көрсетер жан болмады, Жауыз жау қойсын ба енді мені атпай?! Қорғасын жас жүрекке оғы батты, Күнәсіз таза қаным судай ақты. М. Жұм. ~ Асан Қайғыға ақ үй тігіліп, үш жырауға арнап қазысы кере қарыс қысыр бие сойылды. Сапырылған уыздай сары қымыз судай ақты. І.Ес. ~ Жендеттер жаралғалы кімді аяпты,Көгендеп кәрі-жасты бірдей атты. Кәмпеске, ашаршылық, отыз жеті- Кінәсіз халық қаны судай ақты. Н.Айт. Әлде бірдеңенің қиюы қашты. * Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей,пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай? Абай. Мүдірмей, шешен сөйледі, жанын салып әрекеттенді. * Задатқа деп аузына аз май жағып, Алған сайын тымшешен судай ағып, «Екі жұма бұл істі күтіңіз», – деп, Амандасып жөнелді құйтың қағып. Шәк. * Жалғыз балалары Тілепалдының еш хабары шықпай қойды. Әркім әр саққа жүгіртеді. Күлте сақал Күдеріге айтқызсам: «Алшынбекжан екеуі оқуға келгенде судай ағады. Ә.Кек. * Пейілдері теңіздей шалқар. Әңгіме, сөзге судай ағып тұр. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *