Беймезгіл, асығыс атқа қону; төтенше жортыс. * Дәл бүгінгі жүрістері ерекше бір айта қалғандай жүріс болды. Бұлардың өздері ғана емес, тіпті ат суыт жүріске өмір бойғы кәсіп арқылы біржолата пісіп қатып кеткен Қарабас, Жұмағұлдай атшабарлар да, елеусіз, Бесбесбайлардай Олжай ішінің барымташы, жортуылшылары да некен-саяқ жүретін жол еді. М.Әу. * Жалғыз-ақ Ғалымның жирен биесінен басқаларының бәрі де суыт жүріс емес, бір жерден түстеніп, бір жерде түнеп дегендей жыла қонақтаған сапарға төзер деп бағамдап келеді. К.Сег. * Бірақ үшеуінің тағы бір ақыл қосып байласқаны: "екі жақ өз бетімен шалқайысып, тек бірін-бірі жалалап, шынға ойыспайтын болса, онда Оразбай мен Жиренше Керей мен Сыбанның кей жерлеріне өздері суыт жүріп, барып қайтыспақ болды. М.Әу. — Аттылы деймісің? Жүрісі қалай? — Атын сипай қамшылап келеді. — Е, ендеше тыныштық шығар. Суыт жүрістіден қорқам. Жаманат жүйрік келетін еді да. М.Сүн. ~ «Жасаңда жатқан сауын биелерді кешкі апақ-сапақта қуып кеткелі жүрген суыт жүрісті, суық түсті біреу болмасын» дегенді ойлап, сақсынған қойшы жолаушыға қарай қырындай бет бұрған. К.Сег. ~ Қартың қазір бір бәйтерек мәуелі, Сексен емес, жүзіңнен де дәмелі. Сәлеміңе қайтаратын жауабы: — Тыныштық па? – деп сұрайды әуелі. Суыт жүрген кәріден де, жастан да, — Тыныштық па? – деп сұрайды сасқанда. Күн күркіреп, шатырласа найзағай, — Тыныштық па? – деп қарайды аспанға. М.Мақ.
