Зәре-құты қалмады, қатты қорықты, үрейі кетті. ~ «Бетім-ай, пәленшенің қызы сөйтіп қапты!», «түгеншенің қызы аяғы ауыр болған соң қашып кетіпті!..» деген сияқты пыш-пыш қаңқу құлағына тиген сайын суқаны ұшып қара суды қалтырап ішіп отырған ана өз қызының мынандай масқараға ұшырағанын естігенде төбесінен жай ұрғандай жайрап қалған біржолата. Т.Сәу. ~ Жүрегі тас төбесіне шыққан Құзыр сілейіп қатып қалды, баяғыда бастық болып тұрғандағы былықтары есіне түсті, тіпті ақ келіншектің өліп қалған әкесіне алып берген зейнет ақысынан бәле шықты ма деп суқаны ұшты. Н.Абд. ~ «Ай қисайды», «Жұлдыз орнынан ауытқыды», «бұлт керуені бүлінді», – демек бір жамандық жақын дейтін олар кемпірге. Сондықтан малға жұт келе ме, әлде топалаң тие ме, әйтеуір бір опат болатыны хақ дегенді айтатын. Кемпірдің суқаны қашып, әркімнен амал сұрап, бәледен құтылуға тырысатын. Б.Мом.
