Зым-зия жоғалды, із-тұзсыз құрып кетті, аяқсыз қалды, құрдымға батып жоқ болды. ~ … ұзына бойын қуалай жүрсең — жоқ, құдай деген о байғұстық қай арада тұрып, қоныс-өріс тапқанын, қай араға жамбасы тигенін шамалап та айта алмайсың. Өтті-кетті — су аяғы құрдым. В.Рас. ~ Бәрі де осылай көз алдында көлкіп тұрған көркем көріністен көңіліндегі әншейін буалдыр елеске айналып, су аяғы құрдым боп зым-зия жоғалатын өткінші көк сағымның кебін киіпті. Ә.Кек. ~ Бітіп жатқан үй жоқ, сонан кейінгі кезекте тұрған шаңырақ көтеру мәселесі болса әзір су аяғы құрдымда. М.Қан. ~ Емдеу Орталығына піл түссе де көрер көзге ішірейтіп…бүргедей етіп… түкке алғысыз ғып… су аяғын құрдымға жіберетіндерің қалай осы?! Д.Дос. ~ – Барғым келмейді, – дедің сен еш шімірікпей. Су аяғы құрдым деген осы еді. Іштен тындым да, сіресіп қатып қалдым. «Ажырасар дос ердің артқы қасын сұрайды» деген. Мынау соның кебі еді. С.Үс.
