Әлі көрер күні бар, жарық дүниеден татар дәм-тұзы әлі таусылмаған д.м. * Жағым қарысып, тыныс алуым қиындап, енді болмаса өлуге шақ қалғанда, суішкілігім бар екен, бір бұраңбел бикеш патша жаяу баратын жайға асығыс кіріп кетіп еді, атып шығып: – Бізді бітеу дей ме! – деп, кеңірдегіме кептелген рулонды жұлып алғаны тәңір жарылқағыр. Т.Сәу. ~ Бәрімізге бірдей келген зауал ғой бұл. Су ішкілігіміз бар екен. Қайта жанымыз қалды. Қыршын жасы жазықсыз қиылғандар да баршылық. Т.Рыск. ~ Сейітханның су ішерлігі бар екен. Моңғолға аман асып кетті. Бірақ артында қалған бала-шағасы не болды. Торғайдай тозды. Көрмегенді көрді. Ж.Шәк.
