Posted in

СЫБАЙ- САЛТАҢ ЖҮРІС (ЖҮРДІ)

Жалғыз ілікті, салт басты сабау қамшылы бойдақ күйдегі тірлік. ~ – Райжан-ау, малы аз ба бұл ағаңның, Мен тұрғанда басыңды құрап алғын. Сыбай-салтаң жүрістен не шығады Бір қайырын көрсеңші мына малдың. Ұ.Есд. ~ Ол кезде сыбай- салтаң жүрісі өзіне ұнайтын, тіпті баласының боғына тайып-жығылып жүрген құрбы-құрдастарын көрсе жирене қарап, өзін солардан екі елі болса да артық санайтын. Қ.Түм. ~ – Губернатордың қызына топырлатып нөкер ертпей, күймесіз, зембілсіз, сыбай-салтаң жүрген жараспайды. М.Серв.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *