Posted in

СЫЙ ҚОНАҚ

Құрметті қонақ. ~ «Ассалаумағалайкум»–кіріп келді, «Уағалайкүмассалам»–орын берді. Көрпе салды, «жоғары шығыңыз» – деп, Төрге барып сый қонақ отырды енді. Шәк. * Ауылда бөтен сый қонақтар жоқ болғандықтан, арқар атып әкелген аты белгілі тентек ұры Бақтығұлды көре отырып, әңгімесін естімекке ауылдың қатын-қалашы, малшы-қойшысы да ынталанған сияқты еді. М.Әу. * Шынар болмай пісіртті, әйтпесе сый қонаққа берер тамақ емес. Ғ.Мүс. ~ Онда аң аулағанды қоя тұрып, сөз тыңдайтын болармыз, – деп сый қонақтың бірі зілсіз әзілмен қағытты ақынды. Ө.Кәр. ~ Батсайы көкпаршыларды сый қонаққа лайықтаған ақ үйге түсірді. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *