Сыбдырлаған, сыңғырлаған дыбыс шықты. ~ — Өртенсін кәпір, жойылсын көзі! Түп-тұғиянымен жойылсын! Кетсін бәлекет! Алды-арты осы болсын! Жатқанынан тұрмасын. Тіпә-тіпә!- деп, азан-қазан болып, түкірісті. Қағаздары сылдыр етіп, қалың кітап от ішіне жоқ болды. От лаулады. Жұрт дулады. – Кет, бәлекет, кет! Бізді сен көрдім деме? Сені біз көрдік демелік. Шу қара құйрық! Кеткеніңнен келме! – деп тағы шуласты кеп. Кінегені «құтты жеріне қондырды», көңіл тынды. Ж.Айм. ~ Гармонь мен скрипка нақышындай, Дауысы сыбызғыдай сылдыр етіп, Тыста еркек, үйде ұрғашы өлеңге мәз, Жаратқан құдай сондай бұлбұл етіп. М.Ж.Көп.
