Қысылтаяң, қиын-қыстау уақыт жақындады. ~ Солай, жолдастар, — біздің хабарымызды тыңдап болды да, Михаил Иванович төңірегіндегілерге сынай қарап, орнынан көтерілді, – демек, құралсыз іс бітпейді! Шын шайқасуға да, қорғануға да тура келеді. Сын сағаты таянды. Ә.Сәр. ~ Сайыпқырандарым! Сардарларым мен сарбаздарым! – Дауысы саңқылдап шықты. – Сендер бұл жаққа елдеріңнің аманатын арқалап келдіңдер! Мойындарыңда ерлер ғана көтерер ауыр жүк бар. Алда сын сағаты күтіп тұр. Мен сендерге сенемін! Д.Рам. ~ Өмір мен өлім белдескен сын сағаты туылды. Ғ.Біл. ~ Қайсыбір күні кек алу жорығына Өнеш енді жеке өзі баратын сын сағаты да туған. Н.Дәу.
