Әп-әдемі болып киініп, сәнденіп, бой түзеді, тартылған сымдай түп-түзу, жіп-жіңішке, сұңғақ қалыпқа түсті. ~ Мына инеліктей қатқаны кім болды екен? Қартаяйын деген екем, танымай қалыппын ғой, бұл өзімнің көне жолдасым Сиқымбай екен ғой. Қайдан білейін, сыптай болып киініп алыпты. І.Ес. * Раушанды үш баланың анасы деп ешкім ойламайтын. Өйткені оның бала көтеріп, сәби жетектеп жүргенін езгелер түгілі, ең жақын көршілері де көрген емес. Ғұмырында пұшпағы қанамаған әйелдей- ақ ылғи сыптай боп, қаздияды да тұрады. Н.Кел. ~ Көрерін көріп, түйерін түйіп әбден біткен шамада алысқа қалдырған арқандаулы атына барып, қоржындағы қордан жүрек жалғап алды. Сосын артық-кем дүниені сол жерде қалдыра, сыптай болып межелі тұсқа беттеді. Т.Әлж. ~ – Міне, үйіңе үсті-басыңа шаң жұқтырмай сыптай болып барасың…Азелла костюмін щеткамен сыр-сыр тарап, жаныға тазалап жатыр.- Біраз кепсін. Су күйі кисең мыжылып қалады. М.Қаб.. * -Олардың сыптай болып киінгеніне қарап, дөкейдің өзі екен деп қалма, – деді араб әңгімесін созып. А.Смай. * Өздерінің бір- бір баламен қаңтарылып қалғанын көрмейсің бе? Келіні де, қызы да қашан көрсең сыптай болып жүргені…» Қ.Жұм. *
