Мүдірмей сөйлеп, шешендік танытты. ~ Сонда хан: – Әй, мынау сырнайдай сарнаған, бұлбұлдай сайраған қай бала? – дейді. Бала сонда тұрып: – өзімнің атым – Қазыбек, Әкем аты – Келдібек, руым-қаракесек. Абылай ханның елшісімін. Бір шаптың, екі шаптың, Енді теңдік сұрай келдім. Берсең қолыңнан, Бермесең жолыңнан ала келдім,- дейді. БС. "Тарихи аңыздар. * Сырым жолдасына дауыстап: – Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой!-дейді. Малайсары жалт қарап: – Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сайраған мына бала кім еді? – дейді. – Ата тұрып, ұл сөйлесе – ер жеткені болар, Ана тұрып, қыз сөйлесе – бой жеткені болар, – дейді Сырым. БС. "Ауызекі әңгімелер".
