Жасырын ой-сыры, ниеті, мінезі, әлдебір құпиясы білініп қалды. ~ Көптен бері, ел көкейінде түйін болып келген бір қойманың сыры ашылды. С.Бег. ~ Дарын: – Қалдықсыз қоректің беріп отырған жемісінің бірі осы. Бұрын тіпті ойымызға келмеген көп жағдайлардың сыры ашылып отыр. Лашынның түйсігі сергек. Оны өзіңіз де байқап тұрсыз, – деді. С.Ғабб. ~ Шымылдығы желбіреп отырған Уәсиласы түскір Әлиге айтпай ауданға барыпты. Отан үшін жанын да, тәнін де аямаған еріне қызмет сұрапты. Пәтер деметіпті. Қосымша ақы даулапты. Сол кезде батырының сыры ашылыпты. Бақса, Әлидің әскерге барғаны рас. Бірақ ат бағыпты. Бары-жоғы сол. Р.От.
