Көңіліне түйген ойын жеткізді. * – Күнің аз, тауық жемей, жай жүретін, Ұрлықка құмар жансың мұнша неткен? Сыр ашып, сөйлеселік, оңашада, Ешкім жоқ екеумізден басқа шеттен. А.Байт. * Ең ауыры – бірнеше күннен бері осы үйде жатқан Сейіттің баласы Есет туралы сыр ашып қала ма, деп қауіптенген-ді. Р.Рай. * — Түсінем, түсінем, жас сәулетші мырза, ертең менің аудиенцияма келіңіз, сағат он бірде… күтем… сыр ашып сөйлеселік сонда, – деді хай-тек үрдісінің королі өз-өзінен қысылған сыңай танытып. Д.Досж. ~ «Ақылды сыйлайтын адам күшті сыйлайтын адамдардан әрдайым аз болады, алайда ақылды адам да күштіні сыйлайды, – деп, бір оңашада Жалаңтөс сыр ашып күлген-ді. – Сондықтан ақылдылар да күшке бағынады». Б.Нұрж.
