Сөздің астарында, әлдебір істің, әрекеттің негізінде, түбінде маңызды мәселе жасырулы д.м. * Бас прорабтың осынша шәт- шәлекейі шығып шаптығуында үлкен сыр жатыр; осынау «алып құрылыстың негізгі сүйегін екінші тоқсанда толық құрастырып біттік, аяқтадық» деп жоғары жаққа, Құрылыс министрлігіне «рапорт» өткізуге тиіс. Д.Дос. * Бірақ, оның ар жағында басқа сыр жатыр еді, ол -үйге бір еркектің келуі және оны Сәргелге ешкімнің айтпай, жасырын сақтауы. Д.Ис. * Құртақандай қоңызда, тани білген кісіге, талай терең сыр жатыр. – деді Есімхан желпіне түсіп. – Ол дегеніңіз ғылыми атақ, машина, бедел. Ө.Ахм. * Бірақ «Мойныңа бұғау онсыз да түсейін деп тұрғанда…» деген сөзінде бір үлкен сыр жатыр-ау. Бұл сөзімен нені айтпақ? І.Ес. * Исатай хатты Гүлжаннан алып, қайта оқып шықты. — Менің білуімше, осы хаттың астарында таудай сыр жатыр,- деді екпіндеп. С.Ом.
