Сансыз көп, толып тұр. * Екі қабырға түгелімен том-том қалың кітапқа сыңсып тұр. Шетел, орыс классикасы, философия, тарих, экономика, социология… М.Қаб. ~ Бұрын тек техникалық қозғалыстарға ғана бағынатын кеше-көшелердің барлығы да, жаяу жүретін адамдарға ғана лайықталынып, қатарласа сап түзей, мәуелеп өскен ағаштармен сыңсып тұр. С.Ғабб. ~ – Мен, – деді Мұқағали. – Мен. Сен атты, ошаққа сен жықты деп отырған мен бар ма. Атқан да, жыққан да мен, Рекең екеуміз. Қара ормандай сыңсып тұрған жұртпыз ғой, бес ағашқа – бес жігітке қалтырап құдай атты деймісің… Жігітке нелер келіп, нелер кетпес. А.Сүл. ~ Вагон іші сыңсып тұр. Ине шаншар бос жер жоқ сияқты. Жұрт тіпті жүк қоятын сөреге де жайғасып алыпты. К.Жүн.
