Posted in

СІҢІРІП КЕТТІ

Меншіктеп алды, ұрлады, пайдаланып кетті. ~ Арғын Қара кесектен шыққан қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат би сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, жаңылыс Абылайдың бір айғыр үйір жылқысын қолына түсіріп, сіңіріп кетіпті. Соңынан Абылай біліпті. А.Байт. ~ Тәніге еретін нөкерлердің біреуі, – бізге белгілі Шепе болған. Ол Нұртаймен түйдей құрдас екен. Сері Нұртай да әлдекімнің Күнсұлу аталатын сұлу қызын алып қашып, Тәнінің арқасында сіңіріп кетеді. Нұртай Күнсұлуды ерекше сүйеді де, «атымыз ұйқас болсын» деп, «Күнтай» қояды. Жұрт та солай атап кетеді. С.Мұқ. * Жұрт біріне-бірі қарыз беруден қалды. Бұрынғы алған ауыс-түйістерін сіңіріп кетуге көшті. Б.Тоғ. ~ Бүгінгі түнде үш атты да жетелеп, қырық-елу шақырымнан да асыра ұзатып тастамақшы. Бәрін ұрлап, түгелдей сіңіріп кету қиын, милицияның құрығы ұзын, қайдан да тауып алатыны сөзсіз. Б.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *