Күнін зорға көріп отырған кедей, жарлы-жақыбай. ~ Шұлғаудың маңқа баласы ұлық болған соң, құдайға не амалың бар? Үйіне екі кісінің басы батпайтын сіңірі шыққан мен ұқсаған бір жылтыр бұлар! Ж.Айм. ~ Оның шұқшия зерттеген бір мәселесі, – қазақ елінің меймандостығы, қолындағы тәтті-дәмдісін қонағына тосып, ешбір ақы-пұл алмауы. Бұл әдет ешбір қазақтың дәулеті қандайлығында емес, байларды, ауқаттыларды былай қойғанда, «сіңірі шығып отыр» дейтін кедейлердің де салты солай «жақынсын», «жатсын» демейді, «қай елсің», «қай ұлтсың» демейді, «әйелсің», «еркексің» демейді, «жассың», «кәрісің» демейді,– барын аузыңа тосады. С.Мұқ. ~ Күні бүгінге дейін бұл елдің жаз жайлауы Қарақұм да, қыс қыстауы Сыр бойы. Наурыз туды, бітті. Мына дария бойында бір малшыны ұстап тұра алмайсың, бәрі де құмға тартады. Ерте заманда байлар сөйтетін еді. Сырда маса, сонаға жем болып, сіңірі шыққан кедейлер ғана қалатын. С.Шайм.~ Азшылықтың байлығы, тасыған өзендей ернеуінен асып, шашылып-төгіліп жатады, көпшіліктің, мына біз сияқты қасіретті көп көрген сіңірі шыққан кедейлердің, көзі ашылатын заман бола ма? Ә.Шәр. ~ Жалғыз атты сіңірі шыққан кедейдің «осы үйде тірі пенде бар-ау» деп көзіне ілмей, теңдеріне тәкаппар жүзбен төңкеріле қарап, маңғаз қимылмен манаурайды арысың… О.Бөк.
