Posted in

СҮЗБЕ БУАЗ ҚЫЛДЫ

Болымсыз нәрсеге алдаусыратты, жоқ нәрседен үміттендірді. ~ Қарымсақ осы тұста өзінің кек қайнаған ішкі наразылығын Керімбекке ірікпей білдіріп: — Әй, Кеке – ай! Жарықтығым – ай! Әлдеқашан жоқ қылатын бір кещені сүзбе буаз ғып созбақтатып қойғаныңыз-ай! Сол күні өлсем арманым жоқ болар ем, айызымды бір қандырмай, ит азғыны — өлекшіндей қор еттіңіз – ау! — деп бармағын шайнағандай болып отыр. Ж.Ахм. ~ Күләннің үні дірілдеп, әрең шыққанын сезе өтіндім: — Менен әділдік сұрамақ екеніңді келгеннен бері сезіп жатырмын, Күләш. Шын махаббат иесінің қалыс әділдік айтуы қиын ғой. Сүзбе буаз, күпті етіп қинай бермей, шындығыңды, не болса да бір-ақ айтшы! Өлді ме екен, иә, басқа біреуге тиіп кетті ме екен? Қ.Шабд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *