Арына өшпес дақ түсті; намысы тапталды. ~ "Тек солардың табасына қаламыз ба, бірде болмаса бірде бетіңе салық қып, сүйегіңе таңба бола ма деп, артын ойлағанымыз болмаса…"— деген сөзге әкеп тіреді. Ж.Айм. ~ – Жігіт екесің, шырағым… Бұл барлық қазақтың елдігіне тиетін, намысына шабатын жұмысы. Не сүйегін аршитын, не сүйегіне тағы бір қара таңба басатын жұмыс… Ғ.Мүс. ~ " – Ол кім-әй! Руымыздың сүйегіне оңбастай ғып таңба салған? .. әкеліңдер алдыма сүйреп! – деп пәрмен береді. Д.Досж. ~ ~ Балақтан тартқан итті төске шығармай, осы жолы Тұрсынның сүйегіне таңба салса, ел бетіне қалай қарар екен деп, көңілі толқып, шамырқанып қояды. Б.Тоғ.
