Posted in

СҮЙЕГІНЕ ІЛІНГЕН

Әбден арып, азып-тозып, құр сүйегі қалған адам туралы. ~ Әжімді беттегі жүндей ұйысқан қасқа сақал мен қыраулы мұртты ажыратып, аржағынан сумаңдаған тілді сүйірлетіп апарып кеберсіген ерінді жалап-жалап алды. Содан кейін тұншыға жөткірініп, көрпе астындағы сүйегіне ілінген денесін бүлк-бүлк қимылдатты. С.См. ~ Ақанжан, мен бір сұрапыл түс көрдім, – қолын денесінен айырмай, тұла бойында өші бардай тыр-тыр қасынғанын жақтырмаған Ақан қабағын шытынып. – Өзі сүйегіне ілініп әрең тұрған терің жыртылды ғой, байғұс-ау, қойсаңшы бір мезгіл, – деп еді… С.Жүн. ~ Сүйегіне ілініп тұрған баланың көзі аларып кеткен, бірдеме сұрауға да мұршасы жоқтай. Жалбырап, жалдырап бізге телмірді де тұрды. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *