Немкетті, шын көңілден шықпаған, дәм болсын айтыла салған сөз. ~ «Тергеп алып, білгеніңді қыл» дегенді, аяқтап келгенде әрқайсысы да бір-бір қайырған-ды. Бірақ бұл сөздері – сүйей салды. Бағанадан бергі сөзде Құнанбаймен аралары арбасып боп, айтыспай-ақ іштей жер танысып қалған. М.Әу. ~ – Көре қалдық күшін!.. – деп біреулердің зығыры қайнайды. – Қойсайшы, бала, байланысып қайтесің, – деп біреулер күрсініп, сүйей салдылау қылып ақылын айтқан болады. Б.Майл. ~ Трестен «орнынан алу керек еді, жоспарды жосылтып орындағаны ескеріліп…» деген сүйей салды бұйрық келді. Сонымен айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылып шыға берді. Б.Қыд. ~ Әлдекім қарап отырғанша ермек болсын деп әңгіменің шетін қылтитса, оны хоштап іліп әкететін ешкім жоқ: “е, солай ма еді” дегендей нәумез, сүйей салдыдан арыға бармайды. Т.Сәу. ~ — Бұл өзі я әрі, я бері емес, көңілге тимейтін, сырт көзге еленбейтін сүйей салды сырғытпа сөз. Баяғыда су жұқпас сері жігіттің аузынан естіген едім. Ай, өзі де жүрген жұпар кіндік болатын. Д.Дос.
