Posted in

СҮЙКІМІ КЕТТІ

Жағымсыз күйге енді. ~ Оқымыстылар оны мәжілістен қуып та шығады. Сөйтіп, шет елде сүйкімі кеткен Подоноктің бағы елге келген соң, керісінше, өрлей түседі. Т.Жұрт. ~ Сүйріктей сұлу болсаңда Сүйкімің кетсе – жақпайсың, Жүйріктің бірі болсаңда Киіктен биік баспайсың… Б.Әл. ~ … "құрсын, жындымен айтысқан мен жындымын" деп, айналасындағы ақсиған ауыздар мен сықсиған көздерге жалтақ-жалтақ қарап жылыстай жөнеледі. Бара-бара сүйкімім кетіп, сөйлесетін кісі де қалмады. Т.Сәу. ~ Күні кеше көптің аузынан түспейтін, ел қамқоры, жұрт жақсысы атанған Демежан кім? Содыр, сойқан аты қалмай, сүйкімі кетіп жүрген Ысқақ кім болды қазір? Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *