Posted in

СҮТ КӨП, КӨМІР АЗ

1. Жағдай екіұшты, алда не боларын бір құдай біледі д.м. ~ Болыс. Жарайды, шырағым, тос. Кездесеміз әлі сен екеуміз, кездесеміз, тұра тұрайық. Сүт көп, көмір аз! М.Әу. ~ …биыл аманшылық болса бәйге біздікі шығар. — «Сүт көп, көмір аз», асықпайық. С.Мұқ. ~ Қалың көпшілік осындай сөздер айтып жатқанда, — «аптықпаңдар әлі!.. «Сүт көп, көмір аз» деген!.. Әліптің артын бағыңдар!» деп көптің, «айыптылар жазаланады» деген сеніміне күдік түсіруге тырысқандар да болмай қойған жоқ. С.Мұқ. ~ Кетсең кет. Сен келсең болды, от, өрт келеді осы үйге, – деді Нәркес. – Ә, бұған да жеттің бе? «Сүт көп, көмір аз» әлі. Мейлің, – Назым диванның үстінде жатқан сөмкесін алды да шығып кетті. Т.Әбдір. Карта қолы арамға шығады да! — Қой, несібесі бар да, сабаздың! — Дүниенің ақшасын ұтты-ау! — Әлі сүт көп, кемір аз! Т.Әл. 2. Жазғытұрым алғаш күн күркіреп, найзағай ойнағанда құдайдан ошағында оттың көп болуын, отбасына мол ризық тілеп, есік алдына айран төгіп, үйді айналып жүріп,"сүт көп, көмір аз" деп, шөміш қағу ырымы. ~ …найзағай жарқылдаған кезде, есік алдындағы жерге балта, шот сияқты темірлерді жауып, «сүт көп, көмір аз» дейтін бата оқиды, онысы ошағында оттың көп болуын тілеу сияқты. С.Мұқ. ~ Балсары ауыз бөлмеде ыдыс – аяқтарды даңғыр– дұңғыр еткізіп шөмішті ала шықты. Үйді айнала жүріп: «сүт көп, көмір аз, сүт көп, көмір аз» деп ырым қып шөміш қақты. С.Мұр. ~ Кешікпей жаңбыр басталып, күн күркіреп, шешесінің босағада тұрып, бір шөміш айранды далаға шашып жатқанын байқады. — Сүт көп, көмір аз! Сүт көп, көмір аз… Иә, жаратқан, қара қазан сарбаланың тілеуіне мол ризық бере гөр! — деп Рыскүл қолындағы шөмішті үйдің босағасына, маңдайшасына қаққылап жүр. Қ.Жұм. 3. Мал төлдеп, ақ молайған, отын-көмір азайған шақ. ~ Ел Күрті қапшағайына, Тасмұрынға көшіп, көктеп отырған, сүт көп, көмір аз, балауыз шақ болатын. Тоғыз судың торабы Күрті де кенересінен асып, өткел бермейді. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *