Нәпсіқұмарлық, ойнастық, жеңіл жүріс. * Өз балам деп, Айкүмістің баласы деп ілгейсің көзіңе. Сұйық жүріске шатылған әйел, ердің қайсысы болсын баланы бала деп білер ме! Қор болмасын сол сәби… Ғ.Слан. * «Бетховен сазы жалаңаш сезімді оятады, жастардың сұйық жүріске түсуіне сеп, Шекспир пьесаларының желісі желбуаз өтірікке құрылған, таңдай қағып тамсанатын түгі жоқ, ортақол ғана жазғыш». Мәс – саған! Д.Досж. * Бексұлтан бастық болғалы Назеркенің сұйық жүрісі тым жиілеп кетті. С.Дос. * Нәресте шала туып, шетінеді. Содан кейін мұның сұйық жүрісінен секем алған әйелдер сырт айналды. Есесіне еркектер айналшықтайтын болды. Талай құрсақ көтерді. Ү.Жәл. ~ Анау жазығы жоқ сәбиді көзіңнен таса қыла көрме! Өз балам деп, Айкүмістің баласы деп ілгейсің көзіңе. Сұйық жүріске шатылған әйел, ердің қайсысы болсын баланы бала деп білер ме! Ғ.Слан. ~ Көрінбей өз жайына жүріп кетті, ондай сұйық жүріске өзі де епті. Жігіт болсаң, әнеки, осындай бол, Түн болған соң Бануды алып кетті. БС (89 Т.)
