Posted in

СҰЛЫҚ ЖАТЫР (ОТЫР)

Үнсіз, қимылсыз, солғын бей-жай, сүлесоқ қалыпта. ~ «Енді мен қайтам, ертең ертерек келем»,- деді Әзімбай. Жылап-жылап шаршап-талып жатқан жас баладай сұлық жатқан Шолпан: «Жоқ, енді тіпті келме!» – деп айтуға оңтайланып еді, бірақ оның іздегені не еді? Бала. М.Жұм. ~ Шып-шып-шып… шып. Көрпенің астында жатқан Шолпанда тірлік белгісі жоқ. Өлген адамдай сұлық жатыр. Шолпанның бұлай жатуы Сәрсенбайдың зығырданын тіпті қайнатты. М.Жұм. ~ Қолдар өткен түрлі-түрлі мектептен. Әрбір қол өз тағдырына лайық түрлі-түрлі боп кеткен. Әне бір қол сұлық жатыр, жұмыстан әбден кеуіп, құрысқан. Ж.Нәж. * Қоспанның үйі. Қоспан үнсіз сұлық жатыр. Сырттан Жаңыл кіреді. Қасына келіп отырады. Қоспан тіл қатпайды. Екеуі үнсіз. Т.Ахт.~ Жағымпаздың бір «мал-жан» амандығымен қоймай, ала төбеттің амандығына дейін сұрады. Әубәкір Махамбетшеге мойнын сәл бұрып, «қайырлы болсынды» солғын айтты да сұлық отырды. Ғ.Мұст. ~ Нұрлан, шаршағанның салдары ма, ой толғағының қысуынан ба, үйге кірген соң әңгімеге араласа алмай, сұлық отырды. З.Шаш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *