Posted in

СҰРҚЫ ҚАШТЫ

Сәні кетті, қиюы қашты. ~ Үйленгендеріне жыл жарымнан асса да, оған тап осынша елжіреп көрмеген-ді. Сұрқы қашып, сиқы кеткен осы бір қораш еркекке неге мейірлене қалғанына өзі де түсінбейді. Ә.Кек. ~ Жан шошиды түрінен! Сұрқы қашты шындықтың – сумаңдаған тілінен уы тамып сұмдықтың. Т.Мед. ~ Тамырынан үзілген тал қуарып, Сұрқы қашты, Көктемеде көктер ме?! …Қонысынан безіп жатыр мына жұрт, Көшу-дағы бәсеке боп кеткен бе?! Б.Жет. ~ — “Келіннің аяғынан” деуші еді, сен келгелі біздің әулеттің сұрқы қашты. Сейсембай өлді, ата-енеңді жұттың, енді Жұмағалиды жалмап, бір шаңырақты құлаттың. Ең болмаса ұл да тумадың, ана шөп-желкеңді ал да төркініңе қараңды батыр! Кесірің өзіңмен кетсін аулақ!” – деп тепсініп ұрыс шығарған. Ш.Мам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *