Түксиген, мейірімсіз, суық жүз. ~ Жаз қадірін сұр қабақ күз біле ме? Көктем исін шөл дала – түз біле ме? Бірде сұрақ қойылды зал ішінен: – Жек көреді көп кісі сізді неге? Н.Айт. ~ Барады өмір сырғанап, Жыртығымды жыр жамап. Сырқырап о жер, бұ жерім, Танытып қояд сұр қабақ. Н.Әбд. ~ Жұмысың бітті, өлтірдің, Ер емессің сен бірақ! Ажалым сенен болғасын, Мен қайтейін жұрнақ. Денемді көмбей тастама, ұйқыда жаттым, өлтірдің, Құбаша бала, сұр қабақ. Он сан ноғай жинасаң, Қарсыласып ойнасаң. Қара ала тұлпар қинасам, Сауыт киіп үстіме, Бес қаруды байласам. Ояу жүрген күнімде, Дін мұсылман келмес шақ. Кеше білдім мен сені, Шын Едіге екенің. БС. "Мәулімнияз – Едіге".
