Айбат шеккен, суық, қахарлы көзқарас. ~ Жүрсең ғой тек сөлді сор жүгін артып, Кешегіден салмағы бүгін артық… Зұлымдықты қайтерсің, сенен басқа Таппағандай сұсты көз сұғынар түк?.. Х.Ерғ. ~ Менің сыртымнан сөз айтып жағама жармаспақшы болыпты, – деп кешірім сұрағандай, үй иесіне ишара білдірді де, қонаққа сұсты көзімен өңменінен өткізе қарады. А.Өт. ~ Тәтем дегенде әкемнің сұсты көзқарасы келеді. Қалай сұранам? Тәтемнен қатты қорқамын ғой? Бәрібір ешқайда жібермейді де. Ә.Ысқ. ~ Байсалдылығынан жан түршіктірерлік бедірейген көздерді, алдамшы сиқыр жүздерді, картаның шетін қайырғанда оны жеп жіберетіндей сұсты көзқарастарды сіз нәлет жауғыр осы бір сағатта кездестіресіз. О.Бальз.
