Posted in

СҰСЫ ЖАМАН

Жүзі суық, қорқынышты, зілді. ~ Мына тірліктің опасыз бейнесінен хабар бергендей. Сұсы жаман шындықты сыбырлап айтқандай. С.Елу. ~ Бағана көңіл аудармады ма, әлде жылы үйде біраз отырған соң әрленіп кетті ме, көз тоқтатып қарап еді,өкілдің сұсы жаман екен. М. Қан. ~ Сен бұл үшеуінің пиғылын сезген шығарсың. Өздерінің сұсы жаман. Сені жазатайым етпек. Т.Жұр. ~ – «Ал аттанамыз!» деп айбындап, жібер бізді деп тақымдап тұрғандар бұл хабарды естігенде тоқырап, тосаңсып қалды. – Сұстары жаман, – деді Мақаш, өз үрейін жасырмай, біздің жаққа да соғар ма деп қорқам! Ш.Рах.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *