Бас бармақ пен ортан қолдың арасындағы саусақ. ~ Алтынай төсегінің аяқ жағына отырып, мәсісін киіп жатып, күндегі әдетінше шұлығындағы тесікке сұқ қолын тағы бір батырды. Осы түскірден қашан құтылар екен? Ж.Айм. ~ Ықаң тұтатып алған соң, аузынан жел жіберіп, түтінді айдап, шылымын сұқ қолы мен ортан қолының арасына қысып, рахаттанып отыр екен. Ж.Айм. ~ Арық мәстек пішінді біреу, көзін ежірейтіп, сұқ қолымен әліппенің бір бетін түртіп отыр. Қабағының түйілуіне қарап – мықтап құшырланып отыр-ау дейсің. Жанына келіп, сұқ қолдағы қадалған жеріне сен де үңілесің: "орынсыз" деген сөздің басқы буыны бармақпен кемулі. Б.Майл. ~ Осы өкімет жұмысын сен ғана арқалап жүрген шығарсың. Жау қайтарып келгендей жінігесің де жүресің түге! – деді шай құйылған шыныаяқты ұстап көтере берген оның шолақ сұқ саусағына қасақана шұқшия қарап. Ш.Рах.
