Жақын қашықтық, бір (бірер) қадам жер. ~ Келмек тұрып сұңқа адым, жұлық жамап қаңғып жүр, қатқан бар деп қай үйде – көкше түтін аңдып жүр, жамауменен жан сақтап, қара басын қамдап жүр. Ж.Айм. ~ Гүлмира Гүлжанды қасынан сұңқа адым алшақтатпай ертіп ап, бірден Нұрмираға тартты. Ә.Ыб. ~ Қарашықтарына деген жүрегінде титтей сызат болса – қара жер тартсын. Өзегі туырылып, сұңқа адым ұзаса – сағынады. Ә.Ыб.
