Posted in

СӘЙГЕЛ ТИГЕН (ҚУҒАН) СИЫР

Мазасы кетіп, аласұру, алды-артына қарамай беталды жүгіру. ~ Ерсілі-қарсылы шапқан атты кісілердің дүбірі, әр жерде шулаған, ереуілдеп самбырлаған жұрттың дауысына қосылып қаланы сәйгел тиген сиырға ұқсатты. С.Сей. ~ Жалғыз басты ит те күн көреді демей ме қазақ, мен де ит құрлы күн көрермін, шулап жылап жатқан бала жоқ, «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деп сәйгел тиген сиырдай елге қаштым. Б.Қыд. ~ Бала күнінде, пәтуасыз, осы Ждақай кәмпескенің тұсында атқа мініп "екі иығын жұлып жеп" шыға келді. Сәйгел тиген сиырдай, ауыл үстін айнала шапты. С.Елу. ~ Қасқа бала, есің дүрыс па? Аямайды. Ждақай сәйгел тиген сиырша безіп барады. С.Ел. ~ Жұрттың көбінің-ақ әбден өкпесі көтерілген. Естен, ақылдан айырылған қалың надан тобыр сәйгел қуалаған сиырдай. С.Сей. ~ Комиссия жауап сұрап жатыр. Біз тұрған үйге сәйгел қуған сиырдай еліріп, бір кіріп, бір шығып офицерсымақтар жүр. Салдыр-гүлдір етіп жүреді. Кейбіреулерінің қолында қамшы. Кейбіреулерінің қолында шыбық. Үріккен тайлақша жалт-жұлт етеді. С.Сей. ~ Сай паналап, жартас айналып қашқан арқарларды сәйгел тигендей қуалап, бір-бірлеп қалпақтай түсіре берген, қыра берген… М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *