Сәлем беріп кірген жанға ықылас көрсетіп, төрден орын ұсыну. ~ Әлікісәлем! Сәлемші болсаң төрге шық. Бейтаныс қонақ итінен төмен отыра беріп, солқ еткізіп етігін шешті, зірк еткізіп босағаға тастай салды. Ә.Кек. ~ Ақсақал үйде екен. — Ассалаумағалейкум! — Уағалейкумассалам! Сәлемші болсаң төрге шық. М.Алм. ~ Сәлемші болсаң жоғары шық, шырағым, – деді Балатай, аса елей қоймады, ерні ғана жыбыр етті. Қонақ кәдесін істеді де, төмен қарап әлде неге шұғылдана берді. С.Талж. ~ Даладан өзімсіне, екпіндей басып келсе де, төрде отырған бейтаныс адамды көріп, кепкасын жұмарлап қолына ұстаған күйі босағада тұрып қалды. — Сәлемші болсаң, жоғары шық. Мақтап жүреді екенсің, — деп Дәнеш орын ұсынды. Қ.Жұм.
