Ерекшелігі, құндылығы артты, жоғарылады; әдемілігі, көркі көрініс берді. ~ Көлдің көркі келсін деп, Қаптай көшкен ел берген. Нұрым Шыршығұлұлы Елдің сәні келсін деп, Қатар-құрбы тең берген. Теңнің көркі болсын деп, Сөйлесетін сөз берген. Сөйлеп кызық көрсін деп, Оралған қызыл тіл берген. Н.Шыр. ~ «Шым ораулы болмаса шидің сәні келмейді» – деген мақал осы кілемше өрнекті шым оралған шиге қаратылып айтылса керек. Е.Мұқам. ~ Жаһанның жамауындай жарты құрау – Ойран боп жатты ойпаңда алақандай. Күн сиқыр мазақ қылып күлімдеді, «Тойыңның келді сәні бүгін! » деді. Т.Әл.
