Мән-мағынасы, сән-салтанаты өшті. ~ Арыстан Алатауда мерт болғанда, Оқжетпесте тұрған қарт тасқа айналды. Содан бері бірталай заман өтті, Алашты улай-улай жаман өтті. Тұлпар ¬ тулақ, ер арып аруақ боп, Сарыарқа сайран жердің сәні кетті. М.Жұм. ~ Әрбір жиырма бес шақырым сайын бекет болған. Бекетті патша қызыл кірпіштен соққан. Енді пойыз шыққалы бері қара жолдан сән кеткен, бекет үйі құлаған. Ш.Мұр. ~ Ондай кезде оған «ағатай, мә, сырғанашы», – деп шанаңды кесекөлденең тосып жалынсаң, пысқырып қарамайтындай көрінетін. Сонан кейін-ақ ойынның сәні кетуші еді. С.Мұр. ~ Ауылдағы ойын баласының жаны Тарағай. Соның қабағы мен қасына қарайды бәрі. Тарағай жоқ ойынның сәні кетіп, қиюы қашады. Берекесі болмайды. Ә.Тар.
