Әдемі киініп, бойын түзеп, сәнденіп, ойын-тойға, сауық-салтанатқа бой ұрды. ~ Анау Жақып сән түзеп, сауық құрған Құрдасым емес пе еді бір күн туған? Мен туғанда, табылмай қара сабын, Ол туғанда, иіс сабын тәнін жуған. С.Тор. ~ «Ұрын барып, есік аттап, сән түзеп, салтанат құратын менің балам сылқылдаған бай баласы емес қой, жақын арада бір жөнін істейік, Қанипаны ұзатуды тездетсін», – деп, бір туысынан Жәукеге сәлем айтты. С.Ом.
