Posted in

СӘН ҚҰРДЫ

Сән-салтанатқа бөленді. ~ Жер сезгендей тыныштық, таң айбынын, Көшіп жатыр көзінен талайғы мұң. Менің елім бұл күні сән құрады: Жүгіргенде қыз қылық тау бұлағы, Тербеледі тіл қатып тал, құрағы. Ф.Оңғ. ~ Саған байлық тілер ем мен, бірақ ол – бір әңгүдік, Есігіңнен кіргенімен паң күліп, Жүргенімен шеру тартып, сән құрып, Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік. М.Мақ. ~ Қосарлы болмас па еді мәңгі жарас, Жалқылық жалғанда бұл сән құрамас. Бұтағын бұдыр-бұдыр кеңге жайып, Жапанда қалай өскен жалғыз ағаш?! Ә.Қай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *