Posted in

СӘУРІК АЙҒЫРДАЙ

Өрекпіген, алып ұшпа, алып соқпа мінезді ер адамға қатысты айтылады. ~ Есер топ одан сайын мәз болады. − Әй, сәурік айғырдай қақшаңдаған мына немені де сүйтсек қайтеді! Ә.Кек. ~ Жайнақ құшағынан жерге түсіріп, айбат шеккен бейнемен одырая қарады. Анау бұрынғы дағдысымен, сәурік айғырдай кіжіңдеп, «әкеңнің…» деп, келдегін көтере ұмтылып еді… С.Мұқ. ~ – Қош, қазақтың бетке ұстаған ғалымдарын институттан қудың. Анайы тілмен айтқанда, сәурік айғырша сауырлап талап, әлі де қуып жатсың. Ә.Нұрп. ~ Үйірдегі жасамалы айғырдай өлі ешкімге билік бермеймін деп жүрген шешен биді, сәурік айғырдай төтеден қосылған Ақан алмастай азуымен тура шоқтықтан қыршып, шоңқитып кеткен. С.Жүн. ~ Есейіп, ер-азамат болғанша Орағымды да ұрушы ең – ау, сен шал. Үйірінің берекесін алатын жаман сәурік айғыр сықылды ол нең ол? Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *