Жөн-жосықсыз, бейсауат жүріс. ~ – Сол тұспен шекараға қашатындар бар. Жақында сондай сөдегей жүрістен екі қашқын ұсталды. Ұтыдағы әскерлерден сол жақтағы шеткері төбелерге, Ұланбұлаққа қарауыл қойылатын болыпты. Қ.Шабд. ~ Сол Өтеген қоңыр күзде, таңға жуық таң асырған атын көше бойындағы алсын көгалға отқа қойып жүріп, Жұмабектің қызы мен Жолдыбайдың алма бақшасының арасынан бірге шыққанын көзі шалып қалады. Ішінде иіріліп жылан жатқандай, уыттанып жүрген Өтеген, қарсыласының сөдегей жүрісін құрақ көрпедей күлдібадам түр шығарып, жалпақ елге жайып жібереген. Т.Рыск. ~ Таңғы шайымды ішіп бола бере үйге ентігіп кірген баланың сөдегей жүрісі үйдегілерді елең еткізді. Мен қылп ете қалдым. Е.Мәт. ~ Ақыры сол құйындай ұйытқыған зымыран зардаптардың бірі әдепкі раундтың соңғы сәттерінде сөде-гей жүріс, сөлекет қимылдан аса ал-маған Доминикті жазық жерде жалп еткізіп, баудай домалатып түсірді. С.Пір. ~ Ішінде иіріліп жылан жатқандай, уыттанып жүрген Өтеген, қарсыласының сөдегей жүрісін құрақ көрпедей күлдібадам түр шығарып, жалпақ елге жайып жібереген. Т.Рыс.
