Posted in

СӨЗГЕ ТОҚТАДЫ

Айтылған сөзді дұрыс көрді, келісті. ~ Мәмбеттер қытайларға ұсыныс жасады. — Сендер бұл жүкті алмаңдар; бәріміз бір болайық, бұлар жұмыскерлерді жейтұғын буржуйлар… Қытайлар бұл сөзге тоқтай қалысты. Олар тасып жатқан жүктерін тастай беріп, Мәмбеттердің айналасына жиылды. І.Жанс. ~ Бүгін сен — алдырған кісі мені "қара" деп отырсың. Екеуміз де ұғысатын бет жоқ. Құр қажағанмен, ажалға мен жығыла алмаймын, сөзге тоқтар болсаң, беретін байлауым — осы", — деді. М.Әу. ~ Сол сөзге тоқталдым да, үн-түнсіз шығып кеттім. Балжан көрген көп жәбірдің есесін түгел қайтарғандай, былай шыға көңілденейін дедім. Б.Тоғ.~ Өйткені олар ертеден үлгі болып келе жатқан ел ішінің бітім жолдарын көлденең тартып шешен сөзбен айтысады. Сөйтіп келіп келелі орынды сөзге тоқтайды. Дау шешімін табады. С.Бег.~ Бірақ сөзге тоқтайтын Жаңабек жоқ, «ата-бабамның аруағын сыйламадың, әкемнің көзіндей болған Талдыбұлақтың түбіне жеттіңдер!»… – дей берген соң, шал тарс кетті. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *