Айтылған сөзбен келісті, мақұл көрді. ~ Қарындасың болмаса, Жауда қалар қайран бас. Арқаңды жапқан қолаң шаш, Қарағым, сөзге құлақ ас. Мен кешігіп, келмесем, Сіздерде бол тілектес, Қараспан тауын жайлаған Қалың қыпшақ қарындас. А.Байт. ("ҚҚҚ") ~ Қазақтың халықтық музыкасы негізінде «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Біржан – Сара» сияқты көптеген қазақ опералары туды. Концерттік ұйымдар мен жекелеген әншілер де халықтық музыканы кеңінен пайдалануда. Алайда осыншама мол байлығымызға әлі күнге дейін арнаулы зерттеулер болған жоқ, «Қазақ музыкасы бай» деген жалпылама сөзге құлақ асумен ғана келеміз. С.Мұқ. ~ Үндемей отырды қыз құлақ асып, Ұялып төмен қарап бетін басып, Жат жұрттық екендігін сонда біліп, Азырақ қамығады көңілі жасып. БС. "Талайлы құл…" ~ Серке де Қапанды қостап, Исаның «қайтатын шығармын» дегенін құптамады. — Жөн сөзге құлақ асқаның өзіңе пайда. Айтқанға көну керек. «Елден Орынборға жетудің өзі оңай емес. «Оқимын» деп жер түбінен құдай айдап келген екенсің, осында қалуың керек. «Оқуды тауыстым» деп ойлайсың ба?! А.Жақс.
