Posted in

СӨЗГЕ ҰЙЫДЫ

Біреудің айтқанына ден қойды, сөзін мақұл көрді, ықыласпен тыңдады. ~ Жиылған көп халайық, Сөзіне ұйып тамсанып… Ж. Жаб. ~ Қазыбектің сүйегі – Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесек (Болатқожа). Қазыбектің өз әкесі – Келдібек, ұлы әкесі, яғни атасы Абыз атанған Шаншар. Бабасы – бұлбұл. Шетінен тілге шешен, сөзге ұйыған, уәжге тоқтаған біліктілер болыпты бұлар. С.См. ~ Обер-лейтенант Әлидің мұнша жұмсақтық жасағанын әркім өзінше түсінді. «Мұсылман баласы болған соң аяған ғой» деген сөзге ұйыды көбісі. Б.Тоғ. ~ Біз – ағайынды екеуміз – атадан қалған сөзге ұйып, анадан дарыған өнерді бойға сіңіріп өскен ұрпақпыз. Егер бойымда бір сәуле, са-намда бір саңылау болса, ол – әкемнің құты, анам-ның сүтімен дарыған қасиет. Е.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *