Posted in

СӨЗІНЕ ТҰРДЫ

Айтқанымен келісті, сөзін мақұл көрді. ~ — Мына итіңді сатшы, – дейді Баубек саудагерге. — Жалғыз екенімді көріп тұрсың. Осы малға ие де сол, жол торыған ұрыға қайрат ететін де өзі. Жолдасыңды сат дегенің не қылғаның? -Ендеше сатпа! Екеуіміз тамыр болайық. Жолда ауылыма келіп тұр, қолымнан келген көмегімді аямаймын. — Ә, бұл сөзіңе тұруға болады. Міне қолым. К.Жүн. ~ Рәжіпхан құшбегі бірауық бұған тесіле қарап, тосылды. Аздан соң кешеден бері бірінші рет жөн сөз айтты: — Жарайды, сөзіңе тұрдым. Енді шаруаларыңды айтыңдар. Дау болса, әділдігіңе бұрайын. М.Әбдәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *