Айтып тұрған сөзін күрт үзді. * Шаруа басшысы кенет сөзінің аяғын жұтып, сап тиылды … Д.Досж. ~ Қашайық, – деді Әділбек алқына сыбырлап. — Қашқанда, құтылсақ жақсы… Әйтпесе… — Не дерін білмеген Ерік сөзінің аяғын жұтып қойды. – Сиыр дауысты бұл не болуы мүмкін? Б.Ыб. * — Жарайды, ұры деген де керек. Қала берсін! — деп Омарбек сөзінің аяғын жұтып қойды. Б.Қыд. * — Вася атай жақсы адам. Мінезі тік болса да өте әділ. Кейде… — сөзінің соңын жұтып қойды. — Ал, көрші жігіт, сау болыңыз. С.См. * «Баяғыда Семейде, жас кезімде…» деп қойды. Собір жерге келгенде, сөздің соңын жеп қойды. Е.Әук.
