Posted in

СӨЗІН ӨРГЕ БАСТЫРМАДЫ

Біреудің сөзіне мән бермеді, айтқанын жоққа шығарды, сөйлетпей қойды, тиып тастады. ~ Осы арақтың үстінде сөзден-сөз шығып отырып Фазыл мұғалімді біреулер мақтап, біреулер боқтап сөз күресі болды. Шалматай Фазылды жақтап, оны жамандағандардың сөзін өрге бастырмай қызып кеңірдекке түсті. І.Жанс. ~ "Осыны ер басына келетін міндет" деп түсінген, құл сияқты жуан мойын тоңқылдақ төре жиылған ел кісілерінің: "Арыз айтамыз, жағалатып көреміз" деген сөздерінің бірдебірін өрге бастырмай, тізімнен басқа бір ауыз сөзді сөйлетпей иіріп тұрды. М.Әу. ~ – Жұрт Демежандай азаматты қолдан жасай алмай отырса, сыртқа тепкенің не қылғанын? — десіп Ысқақтың сөзін өрге бастырмай, әр жақтан кеукеулеп сөккен болды. Қ.Жұм. ~ Мен ауданнан қайтқанда сен туралы дәнеңе жазбай-ақ қоярмын деп едім. Бірақ, оным саған болысқандық болмайды екен, ескі дос. Сен тек өзімдікі жөн деп, өзгенің сөзін өрге бастырмайды екенсің. Қит етсе, иректеп арыз жазуға құмар көрінесің. Ә.Нұрш. ~ Ұсталмаған – ұры емес, айғақ- куәсы, не малының көзі болмаған соң, көп ретте жоқшылардың сөзін өрге бастырмай, қамшыларының ұшын да берместен құтылып кетуші еді. Қ.Жұм. ~ Ай жарығында өзімен бетпе- бет келіп, сойыл сілтескен Байсеркені ап- анық танығанын айтады. Бірақ екеуі беттескенде, Байсерке оның сөзін де өрге бастырмады. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *