Тілі өткір, ауыр, айтқан сөздері жүреккке тиеді. ~ Өй, жалмауыз, әкеңді бір, шешеңді екі жұттың. Енді келіп бізді құрттың! – деп долданып шыға келеді. Тілі ащы-ақ. Сөзі сүйектен өтіп, айқайы төбе шашты тік тұрғызады. Ү.Жәл. ~ Уай, жұртым– ау! Көрнеу көзге зарлатып қоясыңдар ма осылай. Қорлықты Сүйменқұлдан көрдім ғой! Қолы етіме, сөзі сүйегімнен өтті ғой! Халқым– ау, қайдасың? С.См. ~ Тауман сөзі сүйегінен өтсе де қолбасы шыдап бақты. Шыдамасқа лаж жоқ. С.Дос.
