Posted in

СӨЗ ЕСТІДІ

Біреудің кәріне ілікті; сөгіс алды; біреу ұрысты, қатты сөз айтты, тілі тиді. ~ Ауыл адамдары Анаргүлден аулақ жүруге тырысушы еді. Егер абайсызда ұшырасып қалсаң, бір балағат сөз естімей құтылмайсың. Б.Мом. ~ Сол баяғы өршіл де, шамшыл мінезінің ба-сылмағанына қарап: «Е, ағамыздың көңілі күпсіз, ойы орнықты екен. Сағыныштың сар жалқыны жүрегін алмапты. Мұны біл-генде, мұндай қатқылдау сөз естімей-ақ, хабарласпасам да болады екен! Енді, есте болсын», – дегендей қырсық ой қылт ете қалады. Т.Жұрт.* Әй, өзімде де бар. Оңтайлы тесік болса, тұмсықты сұғып алғым кеп тұратыны рас. Осынын кесірінен баяғыда мұғалімнен сөз ести жаздағам. М.Қаб. * Осы ермегім үшін шалдан таяқ жедім, Бақыттан сөз естідім. Қадет қой, қартайғанша қоя алмайтын шығармын. О.Бөк. *«Сіздің кесіріңізден бостан – бос сөз естідім. Дұрыс жұмыс істеген жоқсың деп жалақымнан тартып қалатын болды» деп қорқып кетті ме, Меруерт ұшып тұрып, білегімнен жұлқа тартты: — Жүріңіз! Т.Сәу. ~ Шананы жаяу сүйреп кел дейсіңдер ме? Ондай күш болса осында отырар ма едім, сендерден сөз естіп, – деп мойнын жағасына тыға түсіп, былқ етпестен қалғи берген. О.Бөк. ~ Тек анда– санда Құзыр ойынға елігіп кетіп, түйе исініп кетсе, не Құбылдан сөз естіп, ашуға булыққанда ғана: «Ой, найсап» – деп қалатыны бар. Құзыр әкесін көп ашуландырмайды. Өзі аяттың неше түрін жатқа соғады. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *