Posted in

СӨЗ КӨБЕЙДІ

Бос әңгіме, мәнсіз сөз, құр өсек етек алды. *Тегінде құсбегілер, аңшылар өз сөзінен басқаға топастау келеді ғой, Бекболат та осы жолы өзінің топастығын байқайын деді. Қай жерде, қай дүниеде отырғанын өзі де білмеді. Сөз көбейген сайын басы қатып бара жатқан соң, тысқа жөнелді. Ж.Айм. * Енді Америка әдісін қолдану керек деген әңгіме көтеріліп келеді. Бүл әдістің қандай екені туралы сөз көбейтудің керегі жоқ. Үйткені, оған лайықталып жазылған бізде әліп-би жоқ. Ж.Айм. * Салиқа әкесіне аңырайып қарап қапты. Асқар соны байқап: ─ Қазір сөз көбейіп жүр, – деді жастығынан басын көтеріп. Біреуге біреудің айдалада жүріп бәлесі тиіп жатады. Т.Әбд. * Құр дәрілеп атқан мылтықтың сесі сияқты сұраққа тарту деген. Сөз көбейсе пәле-жала көбейеді қабаттасып. Т.Рыс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *