Posted in

СӨЗ (СӨЗБЕН) ҚҰЙРЫҒЫН ҰСТАТПАДЫ

Бұлтаққа салды, сөзден дес бермеді. * Байсұлтан бұл жолы әр нәрсені сылтау етіп, төрінен көрі жуық екенін, ендігі ойы – ата- баба зиратында қалғысы келетінін айтып қасарысып көрді. Ескі дәстүр, ежелгі салтқа дейін суыртпақтап көлденең тартты. Директор да көзі қарақты оқыған жас қой, бәріне де дәлел тауып, сынаптай сырғып, сөз құйрығын ұстатпай- ақ қойған. Ә.Асқ. ~ Апырым-ай, осы жұрт көлденең көк аттыға сырын айтпайтын, аз сөзбен-ақ құйрығын ұстатпайтын бақай есепті қалай үйрене қояды екен? О.Сәрс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *