Негізгі ойы, айтпағы. * — Ыраштай… Әлгінің сөз төркінін көрдің бе? « Ісегін дейді ғой. Анау кескен томардай аяғымен тақымына басып алмақ. Нағыз ер… М.Сүн. * Егер күшіміз жетпесе қайтеміз? – деді әкесінің сөз төркінін аңғарып қалған Шыңғыс, – Кенесары сұлтан осал жау емес. І.Ес. * Ұзын составтың бас жағындағы бір вагоннан ақырын әнгімелескен кісілердің күбір-күбір даусы естілген соң, Дьяков ішке басын сұқты. Сөз төркініне қарап мұндағы қазақ жігіттері екенін білді. Ә.Нұрп. * Сүйегі сыпайы, мінезге берік кісі зайыбының сөз төркінін жаратпады, кондукторға «шай әкел» деп жарлық жасады. Д.Дос.
